Ақтөбе облысы ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 2 құтқарушы мен 1 бірлік техника жіберілген. Анықталғандай, жеке тұрғын үйде 5 литрлік газ баллонының, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққан.
Үй иелерінің көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күштерімен сөндіріп үлгерген.
Жарылыс толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге кіргізу кезінде газ ауа қоспасының көбеюі салдарынан болған. Зардап шеккен 1952 жылы туған ер адам және 1928 жылы туған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.