Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Жауынгер жолы

410 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Биыл 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Бұл әскери қақтығыс XX ғасырдың қаралы тарихының белгісі болып қалады. Өмір мен өлімнің ортасында азаматтық борышын өтеген сан мыңдаған жас өркеннің тағдырына көп өзгеріс әкелген де осы Ауған қасіреті еді. Дерекке жүгінсек, елден 22 мың сарбаз аттанып, олардың 10 мыңға жуығы қаза тапқан, ал 21 жауынгер із-түзсіз кеткен екен.

Жауынгер жолы

Мақаламызға осы қан май­даннан аман оралып, қазақ әске­рінің қатарында қалтқы­сыз қыз­мет еткен Ауған соғы­сы­ның ар­да­гері, Ұлттық ұлан­ның запас­та­ғы полковнигі Бауыр­жан Дос­жа­нов­ты арқау етпекпіз. Бауыржан Досжанов әскерге дейін туған қаласы Қызылордадағы Жөн­деу-механикалық зауытына фрезерлеуші болып жұмыс істе­ген.1981 жылдың сәуір айын­да әскерден шақыру қағазы ке­­ліп, азаматтық борышын өтеу­ге аттанады. Қызылорда қала­сынан шақырылған барлығы 36 ба­ланың осы тұста ересек өмір­­ге алғашқы қадамдары бас­тал­­ды. Оларды бірінші күннен бас­тап әскери өмірге машықтап, әскери форма кигізіп, тәртіп пен әскери өмірдің қатаң ереже-қағи­­да­ла­ры­мен таныстырады. Бір жарым ай көлемінде жауын­герлік өмірдің қыр-сырын меңгерген жап-жас жігіттер Әске­ри ант қа­был­дағаннан кейін нағыз сарбаз атанады. Міне, осыдан кейін оларды қан мен шайқастың ортасы Ауған соғысына аттандырады.

– 1981 жылдың маусым айын­­­да бізді ұшаққа отырғызып, Ка­бул қаласына алып келді. Сар­баз­дарды жан-жаққа бөліп, мені Чарикар қаласындағы 177 әс­ке­ри бөлімінің мотоатқыштар бө­лімшесіне жіберді. Соғысқа алғаш келген күні үрей тудыратын мынадай бір оқиға бол­ған еді. Бізді түрлі әскери ма­шинаға отырғызып, әскери бө­лім­ге колоннамен алып келе жатқан болатын. Жол бойы алдымен Баграм қаласына келдік, ол жақта шабуылдаушы десант батальоны бар екен, сол жерге бағыт бойынша келе жатқан сарбаздарды қалдырып, бізді әрі қарай алып кетті. Жол­да бізге дұшпандар оқ жауды­рып, атқылай бастады. Сер­жант­тар бізге «Жатыңдар!» деген пәрмен берді. Оқтар брезентті тесіп өтіп жатқан кез­дегі үрейімізді айтып жеткізе алмаспын. Сол жерде соңғы колоннадағы әскери техниканы гранатамен жарып жіберді, әскери көлік ішіндегі адамдарымен қоса жанып кетті, – деп еске алады полковник Бауыржан Досжанов қаһарлы күндер туралы.

Ауған соғысының ардагері сан мәрте ажал аузынан аман қалып, қарсы беттен қарша бо­ра­ған оғынан құтылып, елге орал­ғанына өзі де тәубе етеді. «Со­ғыстан дін-аман келгені ата-ана, бауырлары мен үлкен әжем­­­­нің дұғасының күшінен бо­лар», дейді өзі. Ауған соғысы ардагерінің кеудесі төсбелгіге толы. Ең қымбаты мен қадірлісі – «Ауған соғысының ардагері» ес­­­телік-ордені. Себебі бұл – қан­­ды шайқастың куәгері ре­тінде бе­ріл­ген ардақты марапат.

– Қызмет барысында мен құпия нүктелерде де болдым. Дұшмандар барлығын бақылап, колон­налардың қай тұстан келе жат­қанын бағдарлап отырады. Олар мина қойып, гранатаметпен, минометпен атқы­лап отырады, біз олардан қор­ғану үшін соның барлығын бар­лап отыратынбыз. Үнемі арнайы операцияларға, рейдтерге шығамыз. Тағы бір есімде қалған оқиға – барлау бөлімшесінен бес әскери қыз­метшінің дұшман­дар­дың орна­лас­қан жерін іздеу және олар туралы мәлімет­тер­ді жинақтау үшін жауынгерлік тапсырмаға жіберді. Бес адамның құрамында мен және аға барлаушы, байланысшылар бар болатын. Мен шептің артында келе жатқанмын, ағаштың сыбдырлағанын естідім. Жалт бұрылып қарасам, қолында суық қаруы – пышағы бар дұш­ман маған тап берді. Мен әс­керге дейін самбо күресімен айналысқан болатынмын, осы тұста соның көп көмегі тиді. Екеуміз бір-бірімізбен сол жерде айқасып, сайдан төмен қарай домалап кеттік. Дұшман жерге құлағанда менің астымда қалды. Қатты соққы болған болуы керек, мен есімнен танып қалыппын. Біздің барлаушылардың айтуы бойынша, мен пышақ ұс­тап тұрған қолын қатты ұс­тап, жібермей қойғанмын. Қар­сы­ласымның басы жарылып, жа­ра­ланған. Содан бері ден­сау­лы­ғыма зиян келіп, ми шай­­қал­ған деген дәрігерлер қоры­тынды шығарған болатын. Қа­зір жағдайым жақсы, – дейді жадыдағы соғыс суреттерін жаң­ғырт­қан полковник.

Бауыржан Алайнаұлы Ауған­­нан аман оралғаннан кейін Ле­нинград қаласындағы Әскери инс­титутта дене шынық­тыру да­йын­дығы бойын­ша оқып, білім алады. Оқу орнын тәмамдағанда лейтенант әскери шенін алып шыққан. Ішкі әскер қатарында 1988 жылдың тамыз айынан бас­тап қызмет ете бастады. Осы­лайша, кейіпкеріміздің Ауған соғысынан басталған жауын­герлік жолы Ұлттық ұлан академиясы денешынықтыру да­йын­дығы және спорт кафед­ра­сының басшысы лауазымына дейін жалғасты. Қазір ол полковник шенінде запасқа шық­қан. Астана қаласына қоныс аударғаннан кейін қарап жатпай, әскери өмірдегі тәжірибесін бейбіт еңбекке ұштастырды. Бүгінде ол М.Нәрікбаев атын­да­ғы Қазақ гуманитарлық заң уни­верситетінің Әскери ка­­федра­сын­да аға оқытушы қыз­метін ат­қа­рып жүр, яғни запас­тағы лейтенанттар мен сержант­тар даяр­лау бойынша жал­пы тактика пә­ні­нен сабақ береді.

 

Құралай ҚОҢЫРАТБАЕВА,

әскери журналист