«Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бүгінде Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі мен Страсбургтегі Бас консулдығында 629 Қазақстан азаматы тіркелген, олардың 149-ы Францияда тұрақты тұруға өтініш берген. Қазақстанда 532 Франция азаматы тұрады, оның 84-інің елде тұруға рұқсаты бар, қалған 448-і уақытша тіркеуде тұр», деді Советбек Медебаев Сенаттың жалпы отырысында.
Бұған дейін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңын мақұлдаған еді.
Заңның негізгі мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты рәсімдерде барынша және өзара құқықтық көмек көрсету, қылмысқа қарсы күресте елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.