Өнер • 09 Ақпан, 2023

Балетмейстерді еске алды

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі, балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиевтің есімі ұлық­талды. Талантты ұстазды еске алу мақсатында «Ас­тана Опера» сахнасында «Рақмет, шебер!» атты кеш өтті.

Балетмейстерді еске алды

Ұрпақтар сабақтастығы жалғасқанда өнері мәңгі өш­пейді дейміз. Тұрсынбек Нұр­қалиев қазақстандық әр­тіс­тердің тұтас шоғырын тәр­биелеп, кәсіби тәжірибесін өс­келең ұрпаққа сіңірді. Олар­дың қатарында қазақ­стан­дық өнерді елімізде және шет­елдерде әйгілеп жүрген би­шілер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев, көптеген халықаралық бай­қау­дың лауреаттары Әсел Шәй­кенова, Арман Оразов, Се­­рік Нақыспеков, Да­нияр Жұ­­матаев, Бауыржан Ме­кем­баев­тар бар. Еске алу ке­шін­де талантты тұлғаның көзін көр­ген, тәлімін алған көпшілік ой-пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, Тұрсынбек Нұрқалиевтің өзінің айрықша мәнері болатын. Сондықтан оның жұбайы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ға­лия Бөрібаева концерт бағ­дарламасын әйгілі балет­мейстердің жұмыс істеу қа­ғи­даты бойынша құрды. М.Хэгертидің «Хикая», Г.Фо­ренің «Павана», Д.Шоста­ковичтің «Жол» секілді хо­рео­графиялық композициялары, С.Прокофьевтің «Ро­мео мен Джульетта» ба­ле­тінен дуэт, К.Глюктің таны­мал «Мелодия» дуэті бағдар­ламаның сәнін келтірді. Сондай-ақ балет кешінде П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик», Л.Мин­кустың «Дон Кихот» балет­терінен нөмірлер, Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» ба­летінен «Романс» пен «Татар биі» ауқымды нөмірі, К.Сен-Санстың «Өлім алдындағы аққу», А.Хачатурянның «Спар­так», В.Соловьев-Седойдың «Гопак» және тағы басқалар орындалды.

– Тұрсынбек Әбдібайұлы тек басшы, ұстаз ғана емес, ол балет әртістерінің барлығына қамқор әке болды. Алдына кө­мек сұрап келген әрбір жанға қолұшын беріп, балетпен айналысып жүрген жас­тардың тек театрда ғана емес, одан тыс жерлерде де өз­дерін жайлы сезінуіне қол­дан келгеннің бәрін жасады. Ол елорданың қалыптасу кезеңінде күрделі жағдайларда жұмыс істеуге келіскен санау­лы азаматтардың бірі болды. Әртістермен бірге жатақханада тұрды. Оның қалтқысыз еңбек етуінің нәтижесінде Астанада академиялық балет пайда болды, – деп еске алды Бақтияр Адамжан.