Егемен Қазақстан • 10 Ақпан, 2023

Ақпараттық хабарлама

259 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» ЖШС – «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің меншік иесі (бұдан әрі – Серіктестік) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына және Президенттің «Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 19.01.2023 жылғы № 104 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған сайлауға байланысты партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттеріндегі баспа алаңдарына төленетін ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Ақпараттық хабарлама

ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдары 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталады (тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап) және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын газетке орналастыру да 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18:00-ден 2023 жылғы 18 нау­рыздағы сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Газеттің газет алаңын ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі

Үгіт материалдарын орналастыру үшін газетте баспа алаңын беру Серіктестік пен Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Серіктестікпен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.

Баспасөз алаңын ұсыну үшін Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы Серіктестікке мынадай ақпаратты көрсете отырып, Серіктестік басшысының атына жазылған өтініш береді:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен Кандидаттардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;

2) жазбаша өтініш беретін Кандидаттың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т. А. Ә.;

3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);

4) Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімінің көшірмесі;

5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;

6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс) және электрондық жеткізгіште таратып жазу;

7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.

Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: [email protected], [email protected] немесе электрондық жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: Астана қ., «Egemen Qazaqstan» газеті к-сі, 5/13, 36 каб. «Қазақ газеттері» ЖШС офисі, баспаға шығарылғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын (жұмыс уақыты ішінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін), мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.

Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған адамның тегі туралы ақпарат болуға тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібіне қарай белгілейді. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда, газет сол күні жеребе тартады. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезектілігін алатын Кандидаттар және даудың тәуелсіз тарабы ретінде Серіктестік өкілі қатысады. Әр үміткерге баспа материалын орналастыру күні көрсетілген жазба салынып, мөрленген бір конвертті таңдау ұсынылады. Конверттердің саны дауға қатысушылардың санына тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін дауға қатысушылар мен Серіктестік өкілі жеребе хаттамасына қол қояды. Жеребе тарту нәтижелері (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына ұсынылады.

Серіктестік Кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда немесе ҚР заңнамасына қайшы келсе, үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарының және мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:

вп

 

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын WWW.EGEMEN.KZ және WWW.KAZPRAVDA.KZ сайттарында жариялау:

вы

 

Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау кезінде сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:

33

 

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын WWW.EGEMEN.KZ және WWW.KAZPRAVDA.KZ сайттарында жариялау:

ыв

 

Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.