Түркістан облысындағы «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.
Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
Жұмысқа ТЖ, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сондай-ақ Жамбыл облысының Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында (534-593 км) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалған.
Мұнда да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті.