Осы уақытқа дейін «Өскемен-Самар» автожолында 95-102 километрде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1800 текше метр қар түсірілді. Мамандардың айтуынша, егер жаңбыр қардың бетіне түссе, сондай-ақ қар жауған кезде ауа температурасы бір бағытта немесе басқа бағытта өзгерсе немесе төбелердегі қатты боран қарды тасымалдаса, қар көшкіні қозғала бастайды.
«Алдын алу іс-шаралары төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға және күн сайын көптеген автотехника өтетін автожолды қорғауға бағытталған. Әзірге облыста көшкін қаупі сақталуда. Жақын күндері қауіпті беткейлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырамыз», деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
Бұл орайда мамандар экстремалды спорт түрлерінің әуесқойларына тауға барудан бас тартуды, тұрғындарға аймақтағы көшкін қаупі бар учаскелерде өте сақ болуды ұсынады.