Қоғам • 13 Ақпан, 2023

Петропавлда 9-сынып оқушысы үш баланы балтамен жаралады

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келеңсіз оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте болды. 9-сынып оқушыларының бірі мектепке балта мен пышақ әкеліп, сабақ басталар алдында жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда 9-сынып оқушысы үш баланы балтамен жаралады

Бұл ақпарат бүгін әлеуметтік желілерде пайда болды.  Онда 9-сынып оқушысының мектепке балта мен пышақ әкеліп, әжетханада бетперде киіп, дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттағаны айтылған.

Өкінішке қарай екі бала басы мен білегінен пышақ жарақатын алып балалар ауруханасында жатыр, үшінші балаға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен балалар 10 және 9-сыныпта оқиды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, зардап шеккендердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін және олар есін жинағандарын айтты.

«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігі 1, 14-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша соталды тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық бақылауға алынған. Кәмелетке толмаған бала мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне соталды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға беріледі. Қалған мән-жай анықталып жатыр», делінген хабарламада.