Саясат • 14 Ақпан, 2023

«Ауыл» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, 7 ақпанда «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

− «Ауыл» партиясы 2023 жылдың 4 ақпанында партиялық тізімді бекітуге ұсынды. Сайлауға түсетін азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісім беру туралы өтініштері, тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері мен оны растайтын құжаттары қабылданды, − деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Әрбір кандидаттың партияға мүшелігін растайтын құжаттарымен қоса, жұбайларының 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамалары ұсынылды. Ал мүгедектігі бар кандидаттар мүгедектігі туралы қосымша анықтаманы ұсынды. «Ауыл» партиясынан 25 адам сайлауға түседі. Кандидаттардың 40 пайызы әйелдер мен жастар.

ОСК мәліметтері бойынша, Мәжіліс сайлауына жеті партия жіберілді:

  • «Ақ жол» демо­­­кратиялық партиясы
  • «Жалпыұлттық социал-демо­кратиялық» партиясы
  • «Бай­тақ» жасылдар партия­сы­
  • «Ауыл» халықтық-демо­кратиялық патриоттық партиясы
  • «Respublica» партиясы
  • «Amanat» партиясы

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы ҚКП, ЖСДП және «Ақ жол» ҚДП партиялық тізімдерін тіркеген болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.