Қаржы • 14 Ақпан, 2023

Доллар бағамы бір теңгеге төмендеді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар бағамы бір теңгеге төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 451,17 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 452,43 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450,38 теңгеден сатып алынып, 453,60 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 449,98 теңге, сату – 453,60 теңге.