Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

ШҚО-да екі әйел көмірқышқыл газына уланып қалды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катонқарағай ауданының ауруханасына газға орташа улану белгілерімен екі әйел түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да екі әйел көмірқышқыл газына уланып қалды

Ауруханаға 1991 және 2003 жылы туған зардап шеккендер жатқызылды.

Белгілі болғандай, үйде тазартылмаған мұржасы бар пеш жұмыс істеп тұрған, нәтижесінде газ сыртқа шығып кеткен.

«Мұржалар мен пештер кемінде үш айда бір рет күйеден тазартылуы керек. Сондай-ақ пешті жағуды ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын аяқтауға тырысыңыз», деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.