Әлем • 16 Ақпан, 2023

Тутанхамон мазарының табылғанына 100 жыл толды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ежелгі Мысыр перғауыны Тутанхамон мазарының табылғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тутанхамон мазарының табылғанына 100 жыл толды

9 жасында таққа отырған патша шамамен 10 жылдан кейін дүниеден озды. Өз заманында аты шықпаса да 3 мың үш жүз жыл өткеннен кейін оның есімі бүкіл әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл тонаушылардан аман қалған жалғыз мазар еді.

Ежелгі Мысырдың діни салты бойынша перғауындарды жерлегенде о дүниеде оларға қажет болатын асыл бұйымдарды бірге салған. Ал қарақшылар болса, Патшалар алқабындағы барлық пирамидаларды о баста тонап тастаған. Тутанхамон мазарын ашқан британиялық археолог Говард Картер перғауынның алтын маскасы, алтынмен жалатылған табыты және өзге де мыңдаған бағалы заттарды тапқан.

Осы жаңалығы Ежелгі Мысыр тарихына, жалпы археологияға бүкіл әлемнің үлкен қызуғышылығын туғызып, ғылымның қарқынды дамуына түрткі болды.

Сондай-ақ Бірнеше жыл бұрын  Николас Ривз Тутанхамон мазарының суреттерінен онда екі тұстағы кірпіштердің кейін сыланғанын байқап, есіктің орны болуы тиіс деп болжаған. Ол әлі табылмаған Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін. Осыдан кейін осы тұсты сканерлеу жөнінде шешім қабылданды.

Еске сала кетсек, Тутанхамон мазары 1922 жылы табылды.