Оқиға • 17 Ақпан, 2023

Ақтөбе облысының тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді

Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзактағы 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды.