Үкімет • 18 Ақпан, 2023

Өткен жылы Қазақстанға 22 млрд доллар инвестиция құйылды

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов ірі шетелдік компаниялардың, дипломатиялық корпус пен орталық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Қазақстанға 22 млрд доллар инвестиция құйылды

Әлихан Смайылов сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын көрсетіп, инвестициялық тартымдылығын сақтап қалғанын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылдың 9 айында республикаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,8%-ға өсіп, $22,1 млрд-ты құрады.

«Жаңа экономикалық жағдайда ҚР Үкіметі шетелдік инвесторлардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Бизнес-жобаларға тұрақты негізде фискалдық және фискалдық емес жеңілдіктерді, сондай-ақ преференцияларды қамтитын жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр», деді Үкімет басшысы. 

Қолдаудың жаңа құралдары туралы айта отырып, Премьер-министр Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді, Жақсартылған модельдік келісімшартты және Инвестициялар туралы келісім жасау процесін жеңілдетуді атап көрсетті.

Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартудың тағы бір маңызды қыры – болжауға болатын және ашық салық саясаты. Осыған байланысты фискалдық реттеуді қайта қарау үшін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Ол салықтық бақылауды цифрландыруды, сараланған мөлшерлемелерге көшуді, технологиялық жаңғыртуды ынталандыруды, арнаулы салық режимдерін оңайлатуды көздейді.

Отырыс аясында қатысушылар бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, салық салуды жетілдіру, жаңа технологияларды дамыту, жаһандық экономикалық трендтердің Қазақстан экономикасына әсерін талқылады.

Шара қорытындысы бойынша Премьер-министр Үкіметтің өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға бағытталған пікірталастарға, ұсынымдарға және жаңа жобаларға ашық екенін атап өтті.

«Біз Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартуға белсенді түрде қатысып жатқан шетелдік әріптестер мен дипломатиялық корпустың жұмысын жоғары бағалаймыз. Өз тарапымыздан келешегі бар жобаларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

 
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025