Білім • 21 Ақпан, 2023

Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған сайт ашылды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік тілді дамыту қорының Soyle.kz командасы «Казцинк» ЖШС-ның қолдауымен балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі алғашқы бірегей «Тәтті алма» онлайн-платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған сайт ашылды

Платформа 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға, ата-аналарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне,  балабақша тәрбиешілеріне,  балалар орталықтарының оқытушыларына арналған.

Платформаның бірегейлігі - алғашында балалар сайтты ересектердің көмегімен меңгерсе, кейін сабақты өз бетінше жалғастыра алады. 

Сондай-ақ сайтта мектепке дейінгі және бастауыш мектеп мекемелері үшін қазақ және орыс тілдерінде оқытудың өзекті дидактикалық материалдары бар. Балаларға арналған 6 томдық «Тәтті алма» жинағының көркем шығармаларын аталмыш сайттың «Кітапхана» бөлімінен оқуға болады. 

Қазіргі уақытта №1 Soyle.kz онлайн-порталында әлемнің түкпір-түкпірінен 300 мыңға жуық пайдаланушы қазақ тілін үйреніп жатыр.