Партия • 23 Ақпан, 2023

Штаб жұмысы қызу

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясының 226 өңірлік және аумақтық сайлауалды штабының жұмысына 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Үгіт-насихат науқаны кезеңінде 1 миллионнан астам адамның қатысуымен 30 мың іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.

Штаб жұмысы қызу

Науқанның алғашқы күндерінің өзінде еліміздің барлық өңірінде 300 мың сайлаушыны қамтыған 3 мыңнан астам іс-шара өткен. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты. Ол журналистерді сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды. Атап айтсақ, кандидаттардың үгіт-насихат және үйлестіру орталықтарының, қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, коворкинг алаңының, сондай-ақ штабтағы жастар секторының атқарып жатқан жұмыстарын көрсетті.

– Партияның сайлауалды штабы «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және аптаның барлық күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб – бұл көпфункциялы сайлау науқанын басқару орталығы. Әр бөлім бірлесіп және жедел түрде белгілі бір шешімдер қабылдайды. Мұнда кандидаттар мен сенімді өкілдердің қатысуымен түрлі іс-шара, арнайы оқытулар өткізіледі. Дәл осындай фронт-кеңселер барлық аймақта бар, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы кірді. Сайлаушылармен кездесу кестесі дайындалды. Сондай-ақ бұл жұмысқа үміткерлердің 27 мыңнан астам сенімді өкілі де тартылған.

Өңірлер демекші, партияның үгіт насихат тобы елордадағы Ақмола вагон жөндеу зауыты­ның ұжымымен кездесті. Мұнда аманат­тықтар ірі бизнес нысандарын қолдау шара­ларын талқылады. Мәселен, Мәжіліс депутат­тығына үміткер Дәулет Тұрлыханов зауыт жұмыс­шыларымен жүздесу кезінде бизнеске қолайлы орта қалыптастыру мәселесін көтерді. «Біз жеке бастама мен нарықтық экономика күшіне нық сенеміз. Алдағы уақытта отандас­тарымыз «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарлардың жоғары сапасымен мақтанатын болады», деді Дәулет Тұрлыханов.

Зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді. Олар жылына 3 мыңға тарта вагон жөндейді. Алдағы жоспар – инновациялық технологияны қолдана отырып, сапалы қызмет көрсету.