Саясат • 23 Ақпан, 2023

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру және әуе тасымалы салаларын демонополизациялау жөніндегі жаңа шаралар қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды. Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді.

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мұнай өнімдерін өндіру саласы және жолаушылар әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025