Оқиға • 23 Ақпан, 2023

Пәкістан елшісі Қазақстаннан кететін болды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Саджад Ахмед Сихармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістан елшісі Қазақстаннан кететін болды

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, екі елдің халықаралық алаңдардағы, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында елшіге Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.