Әлем • 23 Ақпан, 2023

Жағалаудан табылған жұмбақ шар

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда Эншухама жағалауынан табылған үлкен металл шар жергілікті тұрғындарды таңғалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жағалаудан табылған жұмбақ шар

Шарды жергілікті тұрғын тапқан. Ол жағалаудағы ерекше затты байқағаннан кейін полицияға хабарлаған.

Полиция бұл аймақты қоршап,  зерттеу жүргізді. Алайда қауіп төндіретін ештеңе байқалмаған. Бірақ белгісіз шардың пайда болуы күдік тудырды.

Жапония 2019 жылдан бері аспаннан үш рет  бақылау шарын байқаған. Аталған елдің болжамынша, ол Қытайға тиесілі. Бірақ Бейжің тыңшылық айыпты жоққа шығарған.

Сәрсенбі күні екі елдің қорғаныс министрі  қауіпсіздік мәселелері жөнінде сөйлесіп, осы көктемде сенім телефонын іске қосуға келісті.