«Қазгидромет» РМК Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ көктайғақ, тұман, найзағай, бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, түнде аздап қар жауады, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9°С, күндіз одан әрі төмендейді.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С.