ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, оның себебін оқиға орнына аттанған мамандар анықтайды.
«Әрине, біз мұндай жағдайларға жіті назар аударамыз. Тікұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет бойынша тексеруден 2023 жылдың қаңтар айында өткен. Экипажбен телефон арқылы сөйлестік, борттағылардың барлығы аман», деді Иманқұлов.