Ер адамдар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұза отырып, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз елімізде жұмыс істеп жүрген.
«Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының 54 жастағы жұмыс берушісіне жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүзінде ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», деді полиция бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Рейдтік шара 28 ақпанға дейін жалғасатын «Мигранттық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.