Аймақтар • 25 Ақпан, 2023

Абай облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында мас күйде көлік айдаған жүргізушінің қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Ер адам патрульдік көлікті байқағанда қозғалтқышты іске қосып, қозғала бастаған. 100 км/сағ жылдамдықпен ол Аягөз қаласында жасырынуға тырысқан.

Қысқа қуғыннан кейін жүргізуші тоқтатылады. Ол мас күйде ВАЗ 2115 көлігін басқарған 28 жастағы жүргізуші болып шықты. Оның мас күйде болғаны расталды.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.