Спорт • 26 Ақпан, 2023

Серік Сәпиев пен балуан арасындағы жанжал: Жаттықтырушы оқиғаға қатысты пікір білдірді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан Nаizа 49 турнирі аясындағы Batyrball ойынында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды. Аталған оқиғаға қатысты балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцман түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Сәпиев пен балуан арасындағы жанжал: Жаттықтырушы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Түсініктеме видео ММА балуаны Артем Резниковтің Instagram парақшасында жарияланды.

«Серік Сәпиев пен менің залымдағы балуан арасында ыңғайсыз жағдай болып қалды. Зелимхан Мусиханов маған жаттығуға алыстан келеді. Ол Серік Сәпиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмей қалыпты. Оған өзім де таңғалдым. Кішкентай балалармен жұмыс істеймін. Содан да болар, мен де ашуға бой алдырдым. Кейінірек Серік ағайды күтіп, қасына барып, сөйлестім. «Бізден қателік кетсе ренжімеңіз» деп жағдайды түсіндірдім. Ол да: «Эмоцияға берілгенде бәрі де болады, ешқандай айып жоқ» деп жауап берді.  Қол алысып, жақсы тарқастық», деді жаттықтырушы.

Еске сала кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалды.