Спорт • 26 Ақпан, 2023

Хуркачқа әлі жетпеді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирі өз мәресіне жа­қындап қалды. Жүлде қоры 707 510 еуроны құраған жарыста Александр Бублик те бақ сынған еді.

Хуркачқа әлі жетпеді

Әлемдік рейтингте 50-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы екі айналымда сербиялық Филипп Крайнович пен франциялық Грегур Баррерден басым түсті. Одан кейін ол ширек финалда Григор Димитровпен кездесті. АТР тізімінде 25-орынға жайғасқан 31 жастағы Болгарияның өкілі кезінде АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктері мен Уимблдонның жартылай финалына дейін жеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Осы кездесуде барын салған Бублик 7:5, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Өкінішке қарай, жартылай финалда жер­лесіміздің әлемнің 11-ракеткасы польшалық Хуберт Хуркачқа әлі жетпеді. Бұл бәсеке 6:4, 7:6 есебімен аяқталды. Енді Хуркач финалда франциялық Бенжамин Бонзимен шеберлік байқасады.