«Құрметті қазақстандықтар, мен жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ережелерді бұздым, қателік жасадым. Өз эмоциямды ұстай алмадым. Серік Сәпиев - халқымыздың мақтанышы. Ойланбай істеген әрекетім үшін мені кешіріңіз. Енді қайталанбайды», деді З. Мусиханов.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода спортшының жаттықтырушысы да кешірім сұраған.
«Құрметті қазақстандықтар, кеше менің оқушым ойланбай әрекет жасады. Мен де эмоцияға бой алдырып, артық сөйлеп қойдым. Менен қате кетті, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға және Серік ағаға спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметпен қараймыз. Біздің іс-әрекетіміз ешбір жағдайда чемпионның беделін түсірмеуі керек. Біз жағдайдың осылай боларын қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңіз», деді Гольцман.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалғанын хабарлаған едік. Кейінірек аталған оқиғаға қатысты балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцман түсініктеме берген болатын.