Тағайындау • 27 Ақпан, 2023

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығына жаңа басшы келді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғаждембек Тұрсынов «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығына жаңа басшы келді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұжымға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жаңа басшысын таныстырды.

Ғаждембек Тұрсынов Павлодар облысының тумасы. В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, «Қайнар» және инновациялық Еуразия университтерінің түлегі. Еңбек жолын 1995 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Ертіс қазақ орта мектебі директорының орынбасары, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектеп директорының орынбасары, Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы, «Ертіс дарыны» облыстық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап «Дарын» РҒПО директорының орынбасары, 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Астана Дарыны» орталығының директоры қызметін атқарған.