Спорт • 28 Ақпан, 2023

Құрбанов қола алды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубо­гінің кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасына жалғыз жүлде бұйырды.

Құрбанов қола алды

«Ат» жаттығуы бойынша өткен бәсекеде 14,800 ұпай жиған Нариман Құрбанов қола медальді мойнына ілді. Ол тек өзбекстандық Абдулла Азимов (14,866 ұпай) пен армениялық Гагик Хачикяннан (14,833 ұпай) қалып қойды. Өзге сайыс түрлері жайында айтар болсақ, қалың көрермен қолды тіреп жаттығуын қызыға тамашалады. Өйткені, бұл бәсекеде атақты Оксана Чусовитина өнер көрсетті. Кезінде КСРО мен Германияның намысын қорғаған ол бұл күндері Өзбекстанның атынан сынға түседі. Чусовитинаның есімі сегіз бірдей Олимпия ойындарына қатысқан тұңғыш және әзірге жалғыз гимнасшы ретінде тарихта қалды.

Міне, сол 47 жастағы спортшы әлі де бабында екенін байқатып, жарысты қола медальмен қорытындылады. Ол италиялық Манила Эспозито мен германиялық Руби Эванды ғана алға жіберді.