Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Алматы облысындағы коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді. Төтенше жағдайлар департаменті құрбандар мен зардап шеккендердің жоғын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысындағы коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді

«25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды. Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды», делінген ведомство хабарламасында.

Топырақ көшкінінің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға туралы ақпарат 27 ақпанда сағат 09:50-де келіп түскенін мәлімдеді.