«Биыл 5 млн теңгеге дейін жылдық 2,5 пайызбен жастарға шағын несие берудің жаңа механизмін енгізу жоспарланып отыр. Шағын несие беру мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру мерзімі 7 жылға дейін белгіленді. Шағын несиенің ең жоғары сомасы 5 миллион теңгеге дейін, ал номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Ал негізгі қарызды өтеу және сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік мерзімі шағын несие беру мерзімінің 1/3 бөлігінен аспайды», деді Сәбит Жаманбаев.
Сондай-ақ 20 ақпаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған өтеусіз гранттардың бірінші легі бойынша өтінімдерді қабылдау басталды. Өтініштер кезең-кезеңімен 4 ағынмен business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 132 азаматқа гранттар берілді.
Жұмыс іздеушілер үшін де, жұмыс берушілер үшін де осы белсенді жұмыспен қамту шараларының барлығы enbek.kz Электрондық еңбек биржасының порталында қолжетімді. Сондай-ақ жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталығына хабарласпай-ақ бос жұмыс орындарын осы порталға орналастыра алады.