фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Облыстық полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының Мақат - Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымында болған.
Анықталғандай, «Toyota Ipsum» жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан 4 адам қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген Атырау облысы ДП баспасөз қызметі таратқан хабарламада.