Атап айтсақ, партия өкілдері Қуанышбек Мұқаш, Олжас Құспеков, Бақытбек Хамит тау-кен, металлургия және осы салалардағы технологиялық материалдар мен жабдықтар жеткізетін уәкілетті дилер «PES Global» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында партия өкілдері кәсіпкерлердің дәл қазіргі мәселелерін талқылап, «Respublica»-ның мақсат-міндеттеріне тоқталды.
– Партияның миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Кәсіпкерлікті дамыту отандық экономиканың жаңа драйверіне және ел азаматтарының әл-ауқатының негізіне айналады деп ойлаймыз, – деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков.
Депутаттыққа кандидат Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайды, бұл адамдарды өз ісін жүргізуден алшақтатады, өйткені мұндай жағдайда бизнестің ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру қиынға соғады. Қазіргі жағдайда елімізге кәсіпкерлік саласында сапалы өзгерістер қажет деп есептейді, партия өкілдері.
– Біз мектептен бастап қалыптасатын күшті және тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті жасауға және дамытуға баса назар аударамыз. Екіншіден, нақты және тұрақты ережелері бар бизнесті қалыптастыру қажеттігін түсінеміз. Ол үшін сауатты әрі түсінікті салық кодексін әзірлеп, бекітуді ұсынып отырмыз, оны үш жыл бойы өзгертпеу керек, – деді Қуанышбек Мұқаш.
Осылайша, «Respublica» партиясы күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға және дамытуға баса назар аударады. Олар нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыру, қолжетімді қаржы құралдары мен қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, бюрократиялық кедергілерді азайту және квазимемлекеттік сектордың нарықтық билігін шектеу сияқты бастамаларды көтеріп отыр.