Жастар • 01 Наурыз, 2023

Жастарға көмектесетін орталық

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жастар жұмыссыздығы 3,8 пайызды құрайды. Ресми дерекке сүйенсек, рес­публика бойынша жұмыссыз жастардың басым бөлігі – Астана қаласында. Өзекті мәселенің түйінін тарқату үшін жауаптылар елорданың бес ауданында біртіндеп «Жастарға қызмет көрсету орталығын» ашуды қолға алып отыр.

Жастарға көмектесетін орталық

Мұндағы басты мақсат – мемле­кет­тік жастар саясатын жүзеге асыру, жас­тарды қолдауға бағытталған мемле­кеттік бағдарламалар және жастар арасын­дағы жұмыссыздық, тұрғын үй, білім, денсаулық және тағы басқа да бағыттар бойынша консультативтік көмек көрсету. Жастарға қызмет көрсету орталығы алғаш болып Есіл ауданының Қабанбай батыр даңғылы, 58б мекенжайында салтанатты түрде ашылды.

– Жалпы, жастар саясатының басты жұмыстарының бірі – оларға жан-жақты қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру. Осы бағытта өткен жылдан бастап, елорда жастарына кеңес беру, жұмысқа орналастыру мақсатында «Жастарға қызмет көрсету орталықтары» көмек көрсетіп келеді. Мысалы, былтыр төрт ауданнан бес орталық ашылды. Біз бір жылдың ішінде 10 мыңға жуық жасқа кеңес бердік. Нәтижесінде, 3,5 мыңға жуық азамат­ты жұмысқа орналастырдық. Маман­­дардың жол сілтеуімен үйлі бол­­ған­дары да бар. «Елорда жастары» бағ­дар­­­ламасы бойынша жастарға 5 па­йыз­дық жеңілдетілген несие беріледі, – деді Астана қаласы жастар сая­саты бас­­қар­масының басшысы Қайрат Қамбаров.

Орталықта мемлекеттік тұрғын үй бағ­дарламалары, жұмысқа орналасу мәсе­лелері, волонтерлік қызмет, жастар бастамаларын қолдау, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Мұнда коворкинг бөлімі де жұмыс істейді.

– Бізге жастар әлеуметтік желілер арқы­лы да байланысқа шығады. Онда сұранысқа ие бос жұмыс орындары жария­ланып отырады. Осы ретте жұмыс қызық­тырған оқырмандарға бірнеше мүмкін­дікті қа­растырып, олардың пошталары­на жол­даймын, – деді «Астана жастары» жас­­тар ресурстық орталығының қызмет­кері Жангүл Қамбар.