Елорда • 01 Наурыз, 2023

Астана қаласынан шығатын барлық жол жабылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана қаласынан шығатын барлық жол жабылды

«Көлік құралдарының барлық түрлері үшін ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласының сыртындағы барлық бағыттар бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» өкілдері халықты ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырды. 

Республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ бірыңғай байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге ​​болады.