Қоғам • 01 Наурыз, 2023

Полиция елордалықтарға ескерту жасады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында 57 жол апаты тіркелді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккен адамдар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция елордалықтарға ескерту жасады

Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілерден мүмкіндігінше мұқият және сақ болуды сұрады.

«Таңғы сағат 07:00-ден бері елордада 57 жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шекті. Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау, тежегішті шалт баспау, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау сұралады. Сондай-ақ қаладан тыс алыс сапарларға шығу ұсынылмайды», делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де аса сақ болуы қажет екенін ескертті. Өз қауіпсіздігінің мүддесі тұрғысында көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге, жарық қайтарғыш элементтерді пайдалануға, құлаққаппен жүрмеуге және жолды кесіп өткенде телефонмен сөйлеспеуге кеңес берілді.