«Мен бұны біздің ынтымақтастығымыздың, одақтастардың Украинаға көрсеткен қолдауы деп есептеймін және Зеленский саммитке қатысады деп үміттенемін. Әрине, соғыс болып жатқандықтан бұл Украинадағы жағдайға байланысты болары анық», деді Столтенберг Литваның LRT басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Вильнюстегі саммитте НАТО-ның шығыс шекарасындағы жағдай талқыланады.
Сонымен қатар Столтенберг НАТО елдерінің барлығы қорғаныс үшін ІЖӨ-нің кем дегенде екі пайызын бөлуі керек деген ұсынысқа келіседі деп үміттенетінін айтты.