Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы күндері басталса да, еліміздің солтүстік жартысында ауа райы әлі де суық. Мұның себебі - белсенді Атлантикалық циклон мен суық атмосфералық фронттар. Ол қар, көктайғақ, тұман, боран, екпінді жел түрінде жауын-шашын тудырады.
«Фронттар әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20 градус аязға, ал оңтүстік жартысында түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі», делінген хабарламада.