«Уақыт таяп қалды. 14 мамырда халқымыз талап етілетін нәрсені жасайды деп сенемін», деді Түркия басшысы.
Бұған дейін Habertürk Түркиядағы жалпы сайлаудың алты айдан бір жылға шегерілуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жалпы сайлау 2023 жылдың 14 мамырында, яғни мерзімінен бір ай бұрын өтуі мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін елде болған жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылған болатын.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда бірқатар жер сілкінісі болып, 14 миллион адам зардап шекті.