Ғылым • 02 Наурыз, 2023

Жаһандық жылыну өрт қаупін тудырады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы әлемнің бірнеше елдерінде күннің аптап ыстығынан ормандар өртенгені әлі де есімізде. Алайда климаттың жылынуы мұздықтардың еруіне ғана емес, өрттің пайда болуына да әсер ететінін көбісі біле бермейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаһандық жылыну өрт қаупін тудырады

Бірлескен зерттеуші ғалымдар тобы алдағы жылдары әлемнің көп бөлігінде орман өрті болу қаупі бар деген болжам жасап отыр. Мұндай болжам «Nature Communications» журналында жарияланды.

Зерттеу 1992-2018 жылдар аралығындағы АҚШ-тағы орман өрттерінің спутниктік суреттерін талдаудан басталды. Ғалымдар найзағайдың пайда болу түрлерін зерттеп, найзағай көп түсетін аймақтарды анықтады. Орман өртінің шамамен 90 пайызы найзағайдың әсерінен болған. Күн жылы кезде ағаш, бұта, шөп сияқты жанғыш заттарға найзағай түскенде лезде өрт шығады.

Бұл ретте зерттеушілер найзағайдың жиілігін зерттей бастады. Компьютерлік модельдеу атмосфера жылынған сайын оның жиілігі артатынын көрсеткен. Климаттық модельдер көрсеткендей, 2090 жылға қарай назағайдың соғуы қазіргіден 28 пайызға көп болады.

Сондай-ақ ғалымдар жер бетінің жылынуы мен ауа-райының құбылмалылығы әсерінен Оңтүстік Америкада, оңтүстік-шығыс Азияда, Австралияда және Африканың барлық аудандарында өрт шығу қаупі бар деген тұжырымға келді.