«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Сондай-ақ 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық Kazakh Osseter ЖШС мекемесіне жіберілген.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.