Аймақтар • 02 Наурыз, 2023

Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

Көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабық:

  • Абай облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі учаске.
  • Ақмола облысының 2 учаскесі: Щучинск-Зеренді трассасы, Щучинск қаласынан Зеренді ауылына дейінгі учаске; Екатеринбург-Алматы тас жолы, Атбасар қаласынан Қажымұқан кентіне дейінгі учаске.
  • Шығыс Қазақстан облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Абад облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне бұрылуға дейінгі учаске.
  • Қарағанды облысы, Екатеринбург-Алматы тас жолы, Жұмабек ауылынан Балқашқа дейінгі учаске.