Ауа райы • 03 Наурыз, 2023

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Атлантикалық циклон аңықтайтын болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, еліміздің оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман, Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Термометрлер түнде 2-4, күндіз 14-16 градус аязды көрсетеді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус нөлден жоғары болады.