Қоғам • 03 Наурыз, 2023

Елордада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 76 құрылыс нысанында ереже бұзылғандықтан жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталғаны айтылды.

«Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line»ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium»ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б.

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі», делінген хабарламада.