Ғылым • 03 Наурыз, 2023

Қазақстан-Мажарстан ғылыми конференциясы өтті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанда Дебрецен Университетінің тарих және этнография докторлық мектебінің этнография кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Мажарстан мәдени нарративтері, әлеуметтік және экономикалық әртүрлілік» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Мажарстан ғылыми конференциясы өтті

Конференцияда Дебрецен университетінің оқу жөніндегі проректоры профессор Барта Элек соңғы жылдары қазақстандық университеттер және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық туралы он шақты екіжақты келісім жасалғанын, сондай-ақ қазіргі уақытта Дебрецен университетінде 141 қазақстандық студент білім алып жатқанын атап өтті.

Конференцияға Мажарстан (Дебрецен университеті, Этвеш Лоранд университеті, ELTE, Сегед университеті) және қазақстандық жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, AITU, Аманжолов атындағы ШҚУ, НУ, Өтемісов атындағы БҚУ) оқытушылары, Қазақстанның Венгриядағы ғылыми елшісі Назира Әбдінасыр қатысты. Іс-шара барысында мажар тарапы Қазақстанның ғылыми өмірімен танысуға мүмкіндік алды.