25 Маусым, 2014

Комиссия отырысы

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Оның барысында Қазақстан Республикасының Қаржы, Эко­номика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды. Сондай-ақ, Ақмола және Сол­түстік Қазақстан облыс­тары­ның әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.