Қоғам • 04 Наурыз, 2023

ХҚКО-да жаңа терминалдар пайда болды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жеке куәлікті немесе төлқұжатты бір күнде рәсімдеуге болатын жаңа терминал пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХҚКО-да жаңа терминалдар пайда болды

«Кезек күтуге, содан кейін көші-қон қызметінің қызметкерінен тіркеуден өтіп, суретке түсіп, төлем жасау үшін кассаға бөлек жүгіруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әрбір адам құжат үшін сәтті түскен суретін өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минут уақыттан аспайды», деп жазды министр.

Алайда қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Ол өтініштің, суреттің және қолтаңбаның сәйкестігін тексереді.

«Әзірге мұндай терминал тек Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар көшесінің 4/1 үйінде орналасқан ХҚКО-да орнатылған. Алдағы уақытта осы жобаны барлық өңірлерде іске асыру жоспарланып отыр», деді Бағдат Мусин.