25 Маусым, 2014

Фотоэкспедиция

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ халқының алтын діңгегі саналатын Ұлытауға биылғы  жылдың 18-22 маусым аралығында республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен экспедиция ұйымдастырылған еді. Оған қолдау көрсеткен Қарағанды облыстық әкімдігі екенін айту ләзім. Мұндай игі шара 2012 жылы Жетісу өңіріндегі Хантәңірінің баурайында өткен болатын. Ulytau 16 6 361 Жалпы, бұл фотоэкспедицияның мақсаты қазақ жерінің бітім-болмысын,  яғни қасиетті жерлерін, асқарUlytau 4 тау, байтақ даласын, заманға қарай қанат жайып келе жатқан елді мекендер мен қаласын, сонда өмір сүріп жатқан ұрпақтардың тірлік тынысын көрсету. Осы  арқылы кейінгі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу. Таратып айтатын болсақ, оларға қазақ жұртының жері мен елін таныстыра отырып, патриоттық сезімін ояту. Бұл жолғы сапарға «Фотоөнер» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым бастаған Н.Елеубеков, С.Майе­меров, А.Қартабай, Е.Шадрахов, С.Өте­генұлы, А.Байжанов, А.Әбдірайым, іргелес жатқан Қытай елінен С.Нұрдыбай, С.Мұқаш қатысты. Қонақтарды  «Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи қорық мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов қарсы алып, киелі өңірді екі бағыт бойынша­ су­ретке түсіру  жүзеге асты.  Әр тал жуса­ны мен тасы тарихтан сыр шертетін атаме­кенімізді аралау барысы қасиетті Әулиетау биігіне көтеріліп, құран бағыштаудан бас­талды.  Одан кейін  Хан ордасын, Асан қайғы кешенін, Алаша хан мазарын, Ал­тын-шоқыны, Едіге шыңын,  өзге де қа­си­ет­ті де қадірлі жерлері суретке түсі­рілді. Ulytau 25Сонымен бірге, Қытай елінен келген бауырларымыздың өткізген шеберлік сабақтары тартымды болды. Онда екі мемлекет фототілшілері өзара пікір алмасып, ҚХР-дағы  фотографтарға магистр мамандығын игеріп, профессор атағын алуға дейін жететіні тілге тиек етілді. Болашақта мұндай жұмыс біздің елімізде де жүзеге асып жатса құба-құп. Осындай сапарларда түсірілген суреттерден ел тарихын жан-жақты танытатын фотоальбомдар мен көрмелер жасау үрдісі іске аспақ. Бұл игі бастама алдағы жылдары да жалғасын таба береді. Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіз Қазақ елінің өткені мен бүгінін, болашағын фото тілінде сөйлете отырып, кейінгіге мол мұра қалдыру ниетінде ұйымдастырылған жұмыс деп білеміз. Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.