Спорт • 05 Наурыз, 2023

Дохада дара шықты

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатар астанасы – Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Дохада дара шықты

Әлемнің ең мықты спортшылары бас қосқан жарыста жерлесіміз Нариман Құр­банов ат жаттығуында жеңімпаз атанды. 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы Универсиада­ның жеңімпазы бұл сында өзінің The Kurbanov деп аталатын элементін сәтті орындап, 15,400 ұпаймен алтыннан алқа тақты. Екінші орынға былтырғы әлем чемпионы ирландиялық Рис Мак Кленаган тұрақтаса (15,033 ұпай), үздік үштікті тай­пейлік гимнаст Шяо Ю-Ян түйіндеді. Осы бағдарламаның финалында өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Ілияс Азизов 14.100 ұпаймен 6-сатыға табан тіреді.

Нариман осыдан бір апта бұрын Гер­манияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Ат бағдар­лама­сында 14,800 ұпай жинап, қола медальды мойнына ілген болатын.