25 Маусым, 2014

Алтынның мол көмбесі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұлақ ауылының Құлсары әулие жатқан қорым жанынан алтын қоры табылыпты деген алыпқашпа сөз шындыққа айналып, нүкте қойылды. Жер қойнауын барлау жұмыстарын аяқтаған ресейлік «Әулие Голд Майнинг» тау-кен жыныстарын өңдеу компаниясы қазба істеріне кірісіп кетті. 400 гектар аумақты алып жатқан кен орнынан өте бағалы металл 6-12 метр тереңдікте ашық әдіспен өндіріліп, осы жерде бой көтеретін өндіріс ошақтары толық қуатында жұмыс істеген кезде 250-ге жуық адам жұмысқа тартылмақ. Индустрияландыру картасы бойынша қолға алынған «Құрамында бағалы металдар бар кен орнын игеру және өңдеу» жобасына алғашқы кезеңде 15 миллион доллар инвестиция құйылған. Жаңа кен орнының ашылу шарасына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің сөзіне қарағанда, биыл 130 мың тонна, келесі жылы 260 мың тонна кен аршылып, 2018 жылы 600 мың тонна құрайтын болады. Әзірге бағаланған алтын қоры 2 тонна. Аталмыш компанияның директоры Павел Джулай геологтардың адам түгілі періштенің басын айналдыратын алтынның мол көмбесін барлағанын айтып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Бұлақ ауылы.