Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан биатлон бәсекесінің алғашқы күнінде жасөспірімдер аралас эстафета (2 қыз, 2 жігіт) бойынша сынға түсті. Бұл жарыста Норвегия құрамасы бас жүлдені олжаласа, екінші және үшінші орындарды Германия мен Украина спортшылары иеленді. Ал жастар арасындағы эстафетада Германия биатлоншылары жеңіс тұғырына көтерілді. Күміс жүлде Франция құрамасына, қола медаль Норвегияға бұйырды.
Ал екінші күнгі жекелей додада ұлдар 12,5 шақырымға, қыздар 10 шақырымға жарысты. Ұлдар арасындағы бәсекеде словакиялық Якуб Боргула алдына жан салмаса, қыздар сайысында германиялық Юлия Кинк мәре сызығын бірінші кесіп, алтыннан алқа тақты.